Емханалардың базасында құрылған мобильдік топтар науқастарға адрестік көмек көрсетуді бастады, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Егер сіз тұрғылықты мекен-жайыңызға қатысты тіркелген емханаңызға және учаскелік дәрігеріңізге байланыса алмасаңыз облыстық ішкі саясат басқармасының 8 776 002 6109 нөміріндегі ватсап желісіне төмендегі нұсқада сұраныс жолдауыңызды сұраймыз, делінген хабарламада.
1. Аты-жөніңіз, туған жылыңыз;
2. Тұрғылықты мекен-жайыңыз;
3. Қала/ауданыңыз, тіркелген емханаңыз;
4.Симптомдар;
5. Байланыс телефоныңыз.