Облыс бойынша жедел жәрдемнің 45 бригадасы қызмет көрсетіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласында күндізгі уақытта 12 бригада, түнгі мезгілде 14 бригада қызмет жасауда. Бүгінгі күні жедел жәрдем бригадаларына көп күш түсуде. Облыс бойынша соңғы күні 783 шақырулар түскен, оның ішінде 292 шақыру Ақтау қаласы бойынша болып отыр. Алдыңғы аптада ең көп яғни, 1000-нан астам шақыру түскен, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, жедел жәрдем бригадаларын қолдау үшін облыстық жедел жәрдем балансына демеушілер көмегімен 6 бірлік санитарлық автомашина табысталды.