Мұнайлы ауданында провизорлық стационар ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұнайлы ауданы, Бесшоқы тұрғын үй массивінде орналасқан «Маңғыстау-5» дәрігерлік амбулаториясы 40 кереуеттік провизорлық стационар ретінде жасақталды. Мұнайлы ауданы тұрғындарына әр ауысымда 1 меңгеруші, 2 аға медбике, 2 дәрігер 3 медбике, 2 кіші қызметкер 1 лаборант, 1 рентген лаборант пневмониялық науқастарға медициналық көмек көрсетеді, делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.