Ақтау қаласында 20-дан астам емшара қабылдау орны бар. Оның 2 мемлекеттік емшара қабылдау орны болса, қалғандары жекеменшік. Жүргізілген мониторинг барысында олардың жұмыс істеу уақыты, карантин талаптарының сақталуы, науқастардың сыйымдылығы тексерілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қажеттілігіне қарай жекеменшік емшара бөлмелерінің басым көпшілігі таңертеңгі сағат 08.00-ден кешкі сағат 20.00-ге, кейбірі 00.00-ге дейін істейді.
Кейбіреулерінде медициналық мамандар саны аз болғандықтан теңертеңгі сағат 09.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін істейді. Емшара орындары бір күнде 30-дан 100 адамға дейін қабылдап жатыр. Барлығында да карантин талаптары сақталған. Таңертең, түсте және кешке залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Назарларыңызға кейбір емшара қабылдау орындарының жұмыс кестесін ұсынамыз: