Олардың біреуі Ақтау қаласының және бесеуі Бейнеу ауданының тұрғындары, деп хабарлайды МО ҚКО.
Бірінші науқас - Ақтау қаласының 1980 жылы туған тұрғыны. Атырау облысы “Теңіз" кен орындарында вахталық әдіспен жұмыс істейтін азамат;
Екінші науқас - 1995 жылы туған әйел адам, Бейнеу ауданының тұрғыны;
Үшінші науқас - 2019 жылы туған бала, Бейнеу ауданының тұрғыны;
Төртінші науқас - 1988 жылы туған әйел адам, Бейнеу ауданының тұрғыны;
Бесінші науқас - 2000 жылы туған ұл бала, Бейнеу ауданының тұрғыны;
Алтыншы науқас - 1961 жылы туған ер адам, Бейнеу ауданының тұрғыны.
Барлық науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
17.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 153 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 33;
Жаңаөзенде – 23;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 30:
Бейнеу ауданы – 56;
Жазылып шыққаны – 43;
Қайтыс болған – 1.