Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2020 жылы «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларының жалақы төлемдерінің негізділігіне аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Аудиторлық іс-шара барысында, 01.01.2014 – 30.11.2019 жыл аралығында қолданыстағы заңнамалардың талаптары бұзылып 3 лауазымды тұлғаға 18 169,0 мың теңге бюджет қаражаты жалақыға негізсіз артық төлену фактілері анықталды (қазіргі таңда анықталған бұзушылық сомасының 11 600,0 мың теңгесі бюджет кірісіне өтелді).
Осылайша мекеменің лауазымды тұлғалары тарапынан жалпы сомасы 18 169,0 мың теңгеге мемлекетке залал келтірді.
Аудиторлық іс-шара құжаттары тиісті процессуалдық шешім қабылдау мақсатында құқық қорғау органдарына жолданды.
А. Жақсыбекқызы,
Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маман – мемлекеттік аудиторы