Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты "Атадан Мирас" ҚҚ және қаланың еріктілері "Біз біргеміз" акциясын өткізді. Қала тұрғындарының көмегімен үш күн ішінде 3 000 000 теңге жиналып, екі күн ішінде 308 мұқтаж отбасына азық-түлік мен вирустан қорғану құралдары таратылды, делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, "Атадан Мирас" ҚҚ Елбасы үндеуін қолдайды және барлығына денсаулық тілейді! #BizBirgemiz