Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының инвестиция және туризмді дамыту басқарма басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадіров хабарлады.
2020 жылғы 17 наурыз мен 29 наурыз аралығында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары (тігін фабрикалары, ателье, ЖК және т.б.) 344 228 медициналық маска өндірді, оның ішінде
- 74 192 маска 64 дәріханаға;
- 67 449 дана маска өтеусіз негізде тұрғындарға, аз қамтылған отбасыларға, мүгедек балаларға, зейнеткерлерге, ардагерлерге таратылды;
- қалған 198 587 маска Маңғыстау облысының ірі, орта және шағын кәсіпорындарына сатылды.
Анықтамалық:
1. Ақтау қаласында 93 496 маска өндірілді, оның ішінде 27 771 маска (150 теңгеден) – 17 дәріхана, 12 755 маска – қала тұрғындары, 52 970 маскалар - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
2. Жаңаөзен қаласында 105 826 маскалар өндірілді, оның ішінде 7550 маскалар (150 теңгеден) – 12 дәріхана, 18 480 маскалар – қала тұрғындары, 79 796 маскалар - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
3. Бейнеу ауданында 31 250 маскала өндірілді, оның ішінде 17 200 маскалар(80 теңгеден) – 8 дәріхана, 5800 маскалар – аудан тұрғындары, 8250 маскалар - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
4. Қарақия ауданы 17 588 маскалар өндірілді, оның ішінде 2991 маскалар (150 теңгеден) – 7 дәріхана, 6235 маскалар – қала тұрғындары, 8362 маскалар - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
5. Маңғыстау ауданы 18 694 маскалар өндірілді, оның ішінде 5130 маскалар (100 теңгеден) – 3 дәріхана, 13 474 маскалар – қала тұрғындары, 90 маскалар - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
6. Мұнайлы ауданы 55 746 маскалар өндірілді, оның ішінде 9996 маскалар (130 теңгеден) – 6 дәріхана, 2540 маскалар – қала тұрғындары, 43210 маскалар - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
7. Түпқараған ауданы 21 628 маскалар өндірілді, оның ішінде 7544 маскалар (70 теңгеден) – 11 дәріхана, 8165 маскалар – қала тұрғындары, 5909 маскалар - Маңғыстау облысының ірі және орта кәсіпорындары.
Өндірілген маскалар көп рет қолданылатын екенін атап өту қажет. Бұл ретте осы маскалардың құны бір маска үшін 250 теңгеден аспайды.
Өз кезегінде, Талғат Әбдіқадыров маңғыстаулықтарды алып-сатарлықпен айналысатын дәріханаларды анықтаған жағдайда хабарлап отыруға шақырды. Бағаны жасанды түрде көтеру фактісі анықталған жағдайда төтенше жағдай жөніндегі облыстық штабы уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылдайтын болады.