Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыдан бірнеше күн бұрын Ақтау қаласының әкімдігі қаладағы барлық тігін шеберханаларын, үйінде тігін машинасы бар тігін тігетін қыз-келіншектерді бетперде тігуге шақырған болатын. Игі істі қолдап, өз көмектерін ұсынған 20- дан аса тігінші қыз-келіншек хабарласты. Оларға әкімдік тарапынан бетперде тігуге арналған барлық қажетті құрал- жабдықтар жеткізілді. Еліміз үшін қиын кезеңде қол ұшын беріп, игі бастамаға өз үлестерін қосып жатқан барша тұрғындарға алғыс білдіреміз, делінген ақпаратта.