«Шығыс» шағын ауданындағы үйлердің бірінен ер адам құлап, көз жұмды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 9 наурызда сағат 05:20 шамасында болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнына қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы барды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.