• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Бақтыгүл Түркешқызы: Ең күшті мотивация – ата-ананың қолдауы

    [ 2020 ] 4 желтоқсан, 10:36  |  Сұхбат

    Өнерге махаббат. Өзіне деген құрмет. Осы екі ұғым Бақтыгүл Түркешқызымен ерекше байланысады. Асқақ арманына адалдық танытқан ол «Х фактор» телевизиялық жобасына қатысып жатыр. Алғашқы іріктеуден өтті.

    Осы ретте Жаңаөзен қаласының тумасы, Маңғыстау облыстық филармониясының камералық оркестр әкімшісі әрі әнші, жүргізуші Бақтыгүл Түркешқызымен сұхбаттасқанды жөн көрдік.

    – Қайырлы күн, Бақтыгүл Түркешқызы. «Х фактор» жобасының финалына жолдама алдыңыз. Құттықтаймын. Жалпы өнер саласына қалай келдіңіз?

    – Өнерге бала кезімнен қызықтым. Осы саланы таңдауыма ата-анамның өнерге деген махаббаты әсер етті. Әкем Түркеш Оңғарова кезінде вокалдық аспап ансамблінің жетекшісі болса, анам Гүлжамал Оңғарова сахнада ән салды. Міне, осы кісілер мені өнерге баулыды, сахнаға дайындады. Содан болар Жаңаөзендегі балалар мектебінде фортепиано сыныбында оқып, музыкалық білім алдым. «Мұнайшы» мәдениет үйінде алғашқы еңбек жолымды бастадым. Өнерге қызығушылығым мені қанаттандырады, сондықтан да шығар әлі сахнадан түскен жоқпын.

    – «Х фактор» телевизиялық жобасына қатысуыңызға не түрткі болды?

    – Бұл жобаға өзім қатысуға ниет еттім. Бағымды сынап көргім келді. Анам да мені қолдап, «Сен міндетті түрде жеңесін» деп жігерлендірді. Осындай жылы сөздер мен ерекше қолдаудан кейін додаға қатысудан қалай бас тартуға болады. (күліп) Білесіз бе, мен үшін ең үлкен мотивация – ата-ананың қолдауы, ақ тілегі. Енді мен анамның сөзі үшін міндетті түрде жеңіске жетемін.

    – Өзіңіз білесіз, 50 жаста үлкен додаға қатысу көп адамға таңсық жайт қой. Тіпті әділқазы алқасы да таңқалып әрі тамсанып қарады. Бұл ретте сіз не ойлайсыз?

    – Әрине, 50 жаста екенімді айтқанда барлығы таңдана қарады. Бірақ өнерде шектеу жоқ деп ойлаймын. Жобаның шартында да қатысушылардың нақты жасы көрсетілмеген екен. Бойда талант барда мүмкіндігімді пайдалануды жөн көрдім. Егер адамның мақсаты айқын болса, кез келген тосқауыл оған кедергі бола алмайды. Менің арманым – үлкен сахнада өнер көрсету, оны бағындыру, көрермендердің қошеметіне бөлену. Сол себепті де тәуекелге бел буып, алға қадам бастым.

    – Жобаның келесі кезеңі қашан болады? Дайындықты бастап кеткен боларсыз...

    – Финалға 9 адам жолдама алды. Келесі кезең қаңтарда басталып, ақпан айына дейін жалғасады. Әр сенбі күні «Еуразия» телеканалында жергілікті уақытпен 19:00-де тікелей эфир көрсетіледі. Осы ретте менде дайындығымды бастап кеттім. Әзірге барлығы сәтті өтіп жатыр. Желтоқсан айының соңында Алматыға жол жүремін. Әрі қарай дайындықты сол қалада жалғастырамын. Байқауда көрермендердің дауысына басымдық беріледі. Сондықтан жерлестерімнен әрдайым қолдау күтемін.

    – Бақтыгүл Түркешқызы, сұхбатыңызға рақмет. Алдағы уақытта сізге сәттілік және жеңіс тілеймін!

    Сұхбаттасқан Жұлдызай ҚАЛИЕВА

    2731
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    «Worldskills Аktau» - жас мамандарды баптау

    Келесі жаңалық

    Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Рубрикалар

        анонсБайқауТүпқарағанСаясатҚұқықБейнеуРухани жаңғыруҚоғамЖастар беті

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

      23 тамыз, 14:18
      7625

      Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

      23 тамыз, 14:14
      3063

      Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

      23 тамыз, 13:46
      3199

      Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

      22 тамыз, 10:39
      1528

      Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

      17 тамыз, 22:45
      548

      Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

      17 тамыз, 21:49
      443

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»