Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаровтың өкімімен Нұржан Өтепбергенұлы Жұбаназаров Түпқараған ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Нұржан Өтепбергенұлы – 1983 жылы 13 наурызда Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2004 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2004-2005 жж Жаңаөзен қалалық соты кеңсесінің жетекші маманы болып бастады.
2006-2007 жж Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың Қарақия аудандық филиалының тіркеуші маманы;
2007-2014 жж Қарақия аудандық маслихаты аппаратының бас маман-заңгері;
2014-2015 жж Қарақия ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы;
2015-2018 жж Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы;
2018-2019 жж Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
2019 жылдан бастап Маңғыстау облысы әкімі аппаратының аумақтық даму және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы, инспекторлық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.