ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Алтыншаш Исламова тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Осыған дейін ол Маңғыстау облысы бойынша бюро департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы Жомарт Әбиесов таныстырды.