Маңғыстау облыстық сотының төрағасы жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотына судья болып Сапарқұлов Азат Әлібайұлы тағайындалды.
Бейнеу аудандық сотына -судьясы Сұлтанов Байбол Жармұхаметұлын ұжымға таныстырды.
Іс-шараға облыстық соттың судьяларымен, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, департамент қызметкерлері қатысты.
Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы қызметіне тағайындалған А.Сапарқұлов құқық қорғау органдарында (ішкі істер басқармасында, прокуратура органдарында) жалпы 16 жылдан астам жұмыс өтілімі бар, бес жыл адвокатура қызметінде жұмыс атқарған.
Бейнеу аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Б.Сұлтановтың да құқық қорғау органдарында 20 жылдан астам жұмыс өтілімі бар, үш жыл жеке ұйымда заңгер қызметін атқарған.
Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ербол Мұхажанұлы өз сөзінде жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі. Судья Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз сақтауға, судьяның антына адал болуға, сот төрелігін әділ жүзеге асыруға және барлығының заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге міндетті екенін еске салып, азаматтар мен Мемлекет басшысының сенімін ақтап, өздеріне жүктелген міндеттерді толық орындап жауапкершілікпен қарауды сұрады.