31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Ақтау қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ақтау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Ақтау қалалық мәслихатының депутаттары болып № 13 сайлау округі бойынша "M-StroyTrans" ЖШС-нің бас директоры Бекзат Алапанов;
№ 14 сайлау округі бойынша жеке кәсіпкер Ержан Кожаев;
№ 20 сайлау округі бойынша "Каспий жылу, су арнасы" МКК директорының орынбасары Ислам Үсенов сайланды.
Айта кетейік, сайлаушылар тізіміне 26 521 азамат енгізілді. Дауыс беруге 6 740 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 17 адам қатысты.