Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 52/6 бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Азамат Бақтыбайұлы Кошев Маңғыстау ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Азамат Кошев 1986 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Прокуратура органдарында 2009 жылдан бері қызмет атқарады.
Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, бөлім аға прокуроры, бөлім бастығы, Ақтау қаласы прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
2023 жылдың сәуір айынан бастап Маңғыстау облысы прокуратурасының мемлекеттік айыпты қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының бастығы лауазымында қызмет етті.