Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палатаның Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы лауазымына Еділ Жаңбыршин сайланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жалпы отырыста дауыс беру барысында Палата депуттары бұл кандидатураны қолдады.
Еділ Терекбайұлы бір мандатты округ бойынша Маңғыстау облысынан Мәжіліс депутаты болып сайланған.