«Amanat» партиясы премьер-министр лауазымына ұсынған Әлихан Смайыловтың кандидатурасын бүгін Мәжіліс депутаттарының көпшілігі қолдады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Смайыловтың кандидатурасын 82 депутаты қолдады. Тағы жетеуі қарсы болып, сегіз депутат дауыс беруден бас тартты.
Ақорда сайтында Президент Әлихан Смайыловты Премьер-министр қызметіне тағайындау туралы жарлық жарияланды.