Сайлау қорытындысы бойынша ең көп дауысты Рахымжан Шалбаев алды. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 5 қарашасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімін сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 40 134 азамат тіркелді. Дауыс беруге 11624 сайлаушы қатысты, оның 2-і сырттай дауыс беру бюллетеньдерін, 93-і дауыс беретін ғимараттардан тыс жерде дауыс берді.
Тіркелген кандидаттардың саны – 3, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Бейнеу аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Бейнеу ауданы әкімін сайлауда келесі нәтижелер шықты:
Сали Нұртас Төребекұлына 2178 дауыс берілген.
Хайруллин Есет Меңдібайұлына 213 дауыс берілді.
Шалбаев Рахымжан Ысқақұлына 8556 дауыс берілді.
«Барлығына қарсы» деп белгіленген бюллетеньдердің саны – 202.
Сайлау қорытындысы бойынша Бейнеу ауданының әкімі болып 1976 жылы туған Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары, Бейнеу ауданында тұратын Рахымжан Ысқақұлы Шалбаев сайланды.