Маңғыстау ауданы әкімі Т.Көшмағанбетовтың өкімімен Шетпе ауылының әкімі болып Шаров Асылбек Хамзаұлы тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Асылбек Хамзаұлы 1983 жылы Шетпе ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2006 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын, 2016 жылы КАЗГЮУ-ді бітірген. Дәрігер - гигиенист, эпидемиолог және құқықтану мамандықтары бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2006 жылы Жаңаөзен қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан бастаған. Онда санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы қызметін атқарған. Әр жылдары Қарақия аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы, Жаңаөзен қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Түпқараған аудандық Қоғамдық деңсаулық сақтау басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылдың наурыз айынан бастап Маңғыстау ауданы әкім аппараты, ұйымдастыру-бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Сурет Маңғыстау ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасынан алынды