Бұл туралы Маңғыстау облысының баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың өкімімен Энергетика және тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Айдос Хамиев тағайындалды.
Айдос Таңғалиұлы білімі жоғары. «Өңдірістік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы», «заңтану», «іскерлік әкімшілік» мамандықтарын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы «Бисентин» ЖШС құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған.
2008- 2009жж. Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды реттеу бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2010–2012жж. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары.
2012 – 2013жж. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры.
2013 – 2015 жыл аралығында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы.
2015 – 2017жж. Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары.
2017 – 2018жж. Маңғыстау облысы Құрылыс басқармасының басшысы.
2018 – 2020жж. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарды.