Сағыныш Төралиев облыс әкімінің денсаулық сақтау жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ол 1976 жылы Ақтөбе медициналық мемлекеттік институтын тәмәмдаған соң осы салада қызмет етіп, 1994-2002 жылы Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері, 2002-2005 жылы МО денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2005-2009 жылы Ақтау қалалық №2 емханасының бас дәрігері, 2009-2012 жылы Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері лауазымында болды. 2012 жылдан бері "Интертич" корпорациясының Маңғыстаудағы филиалының бас директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
5-ші шақырылған Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты. "Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы", "Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы" медальдарымен марапатталған. Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтан алғыс хат алған.
Сондай-ақ, "Маңғыстау-Медиа" Сағыныш Төралиевті бүгінгі туған күнімен құттықтайды!