Мемлекет басшысының Өкімдерімен Марат Әзілханов пен Асылжан Мамытбеков жауапты хатшы қызметтерінен босатылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.