Асқар Жұмағалиев Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
"Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын", - делінген Жарлықта.
Асқар Жұмағалиев 1972 жылы РКФСР Орынбор облысында дүниеге келген.
Свердлов Суворов әскери училищесін тәмамдаған. Кейін Қазақ ұлттық техникалық университетін (Алматы қ.) «Радиобайланыс, радиотарату және теледидар» мамандығы бойынша аяқтаған. Екінші жоғары білімін Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша алған.
Лозаннаның федеративтік политехникалық мектебінен «Электрондық басқару саласының магистрі» ғылыми дәрежесін алған.
1996–1998 жылдары «Жарық» ЖШС бас директорының қызметін атқарған.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сектор меңгерушісі, Көліктік бақылау комитетінің бас маманы, бөлім бастығы болған.
2001–2003 жылдары – ҚР Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары, байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы болған.
2003–2006 жылдар аралығында ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, төрағасы қызметін атқарған.
2010–2012 жылдары ҚР байланыс және ақпарат министрі, 2012–2014 жылдары ҚР көлік және коммуникациялар министрі лауазымын атқарған.
2014–2015 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары болды.