Мұнайлы ауданының әкімі қызметін атқарған Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұрлан Төлегенұлы Тәжібаев 1975 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «саясаттану-басқарушы, саясаттану-оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. Алматы менеджмент университеті мемлекеттік және қоғамдық саясат мектебін «Іскери әкімшілік менеджері» мамандығы бойынша Мемлекеттік сектордағы менеджмент мамандығының магистрі дәрежесімен тәмамдады.
Өзінің еңбек жолын 1999 жылы Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастады.
2002-2005 жылдары Ақтау қаласы әкімі аппаратының шаруашылық жүргізуші субъектілерімен байланыс жөніндегі бөлімінің бас маманы бастығы болды.
2005 жылдың қаңтар айынан мамыр айы аралығында ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бастығы болып істеді.
2005 жылдың мамыр айынан бастап 2009 жылдың тамыз айы аралығында Мұнайлы ауданының Маңғыстау селосы әкімінің орынбасары, кейін осы селоның әкімі кызметін атқарды.
2009–2010 жылдары Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары болды.
2010-2011 жылдары Маңғыстау облысының әкімі аппаратында ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы.
2011- 2013 жылдары Маңғыстау облысының Қарақия ауданы әкімінің орынбасары, 2013 жылдан 2015 жылдың шілде айына дейін Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.
2014 жылдан бастап «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне 1-ші санаттың 2-ші тобының 3-кіші тобына тізімге алынды.
2015 жылдың 10 шілдесінен бастап Мұнайлы ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және Орталық «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының, Облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталды.