Сағиев Елдос Әлиханұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының (Жемқорлыққа қарсы қызметтің) Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Сағиев Елдос 1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2015 жылы «Болашақ» Қарағанды университетін бітірген.
2002-2007 жылдары Ақмола және Қарағанды облыстарында прокуратурада қызмет еткен.
2007-2012 жылдары Қарағанды облысында қаржы полициясы саласында түрлі басшылық қызметтерде болған.
2014-2015 жылдары Қостанай облысы Жемқорлыққа қарсы қызметте түрлі басшылық қызметтерді атқарған.
2015-2016 жылдары Қостанай облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары болды.
2016 жылдан бастап - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ұлттық бюросының (Жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Бүгін сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы департамент басшыларын да тағайындады.