Қазақстан Республикасының Президенті Д.А. Кәлетаевты Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлады Ақорда сайты.
"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.
Сондай-ақ Елбасының өзге Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Аманұлы Кәлетаевтың өкілеттігі тоқтатылды.