Маңғыстаулық спортшы Асқар Нарқұлов дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада 16-18 маусым күндері дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысы өтті. Әлемдік додада 42 елден келген 334 спортшы 14 салмақ дәрежесінде бақ сынады.
-73 келіде өнер көрсеткен маңғыстаулық Асқар Нарқұлов Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдесін еншіледі.
Асқар алғашқы белдесулерінде Ұлыбритания, Өзбекстан, Косово спортшыларын жеңіп, жартылай финалға шықты. Ал, жартылай финалда Польшаның спортшысына ұпай санымен есе жіберіп, 3-орын үшін белдесуде Грузия спортшысын ұтты.
Бұл жас дзюдошының Grand Slam жарысындағы алғашқы жүлдесі.
Аталған жарыста дзюдошылар Париж-2024 және Лос Анджелес-2028 Олимпиада ойындарына қажет ұпай жинайтын болады.