© Архив
Астанада өткен бокс кешінде 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов (6-0, 2 KO) ресейлік боксшы Никита Зонды жеңді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бекзат Нұрдәулетов пен Никита Зон 80 келі салмақ дәрежесінде алты раундтық жекпе-жекте сынға түсті. Жекпе-жектің үшінші раундында жерлесіміз қарсыласын нокдаунға түсірді.
Кездесу нәтижесінде маңғыстаулық боксшы төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.
Аталған кездесуде Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан жеңіске жетсе, Асланбек Шымбергенов, Серік Теміржанов, Ерасыл Жақпеков қарсыластарына есе жіберді.
Айта кететін жайт, Астанадағы бокс кешінде жеңіске жеткен боксшыға 20 мың АҚШ доллары көлемінде гонорар беріледі.