«Маңғыстау Арена» спорт кешенінде спорттық және жауынгерлік самбодан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке командалық біріншілігіне арналған екі күндік жарыс өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жарыс 2016 жылы 5 маусымда Ақтөбе қаласындағы әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін еске алуға арналған болатын.
Чемпионатқа «Батыс» РҚК Батыс құрамасының 6 әскери бөлімі қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынға Оралдан келген 5517 әскери бөлімі, 2-орынға Ақтау қаласындағы 3502 әскери бөлімі ие болды. Үшінші орын Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінің сарбаздарына берілді.