31 қаңтар күні Ақтаудағы «Батыр» спорт кешенінде ХХІІ «Naiza Fighting Championship» халықаралық турнирі өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Турнир «Naiza Fighter» кәсіпқой спорт клубы, Қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша бірлескен федерациясымен «Сенің жаңа қырың» жобасы аясында және «Qazsport» телеарнасының қолдауымен өткізіледі.
Жарысқа Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан және Қазақстаннан 24 жауынгер қатысады. Жүлде қоры – 4 000 000 теңге.
Басты жекпе-жек қазақстандық файтер Руслан Серикпулов пен қырғызстандық Қаныбек Жанибекулы арасында өтеді. Қос жауынгер бұған дейін екі рет кездескен болатын. Сонымен қатар NFC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағына қазақ жауынгері Айболат Маратұлы мен түрік файтері Джихан Каплан таласады.
Жарысқа арнайы қонақ болып UFC-тен тұңғыш Әлем чемпионы, Голливуд жұлдызы Олег Тақтаров келіп, чемпиондық белдікті табыс етеді.
Айта кетейік, жарыс 31 қаңтар күні сағат 19:00-де басталады. Кіру билетінің бағасы 2500 – 3500 теңге.
Айбек Мұханов