Қазір Маңғыстауда спорттың 90 түрі дамып келеді. Әсіресе, қысқы спорт түрлері: хоккей, мәнерлеп сырғанау. Сондай-ақ, көше спорты, оның ішінде паркур, воркаут, брейк-данс, стритбол қарқынмен дамып жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық спорт басқармасының өкілі Нұрбек Қарабалаев мәлімдеді.
Спорт басқармасының бас маманы Н.Қарабалаевтың айтуынша, ұлттық спорт түрлері де қолға алынып келген.
- Тоғызқұмалақ, қазақша күрес, асық атудан жарыстар жиі өтіп тұрады. Көкпар бойынша арнайы топ жасақталды. Олар 80, 120, 160 шақырым жол жүріп дайындалады, - дейді ол.
Айта кетейік, бүгінде облыста 18 спорт мектебі жұмысі істеп тұр. 12 500-ге тарта бала спорт мектептерінде жаттығады. Оқушылармен 405-ке жуық жаттықтырушы-мұғалім жұмыс жасайды.
Маңғыстауда халық саны аз болғанына қарамастан, спорт бойынша жан-жақты жетістікке жетіп келеді. Облыс аудандарында ат спорты, көкпар жарыстары жиі ұйымдастырылады. Бұл өңірде әлі күнге дейін атаулы мейрамдар мен үлкен ас беру рәсімі кезінде Көкпар, Бәйге кеңінен насихатталады.
Ал қала орталығы Ақтауда гимнастика, жүзу спорты мен көше спорты жоғары дамыған. Одан бөлек, жаға воллейболы, армрестлинг те бар.
Облыста Әділбек Ниязымбетов сияқты Халықаралық олимпиададан жүлде алуды мақсат тұтқан 1200-ге жуық жас боксшы жаттығуда.
Сондай-ақ мүгедектерге арналған спорт ғимараты салынып, онда мүмкіндігі шектеулі жандар әр түрлі спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді.
Айгүл ДӘДЕН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="35610,35609,35616"]