Футболдан Қазақстан кубогінің топтық кезеңінің бірінші турында ақтаулық "Каспий" мен петропавлдық "Қызыл-Жар" командалары кездесу өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Матчтың алтыншы минутында петропавлдық "Қызыл - Жар" шабуылшысы Павел Яковлев допты біздің қақпаға дәл бағыттап, есеп ашқан еді. Десек те ойынның 50-минутында "Каспий"-дің жартылай қорғаушысы Еркебұлан Нұрғалиев қарсыластар қақпасына әккі шабуылдап, есепті теңестірді. Айта кетейік, "Каспий "мен" Қызыл - Жар " командалары жанкүйерлерсіз ойнауға мәжбүр болды.