• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 5 Тамыз 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Карантин: Облыста жаңа қаулы жарияланды...

"Маңғыстау Медиа" басшысы Айсұлу Дутбаева марапатталды...

Журналист Жалғас Айтқұлов өмірден озды...

Камиль Куруглиев әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды...

Токио-2020: Бекзат Нұрдәулетовтің алғашқы қарсыласы анықталды...

  • USD: 425.13 ₸
  • EUR: 503.01 ₸
  • RUB: 5.81 ₸

Токио олимпиадасында кімдер жүлде алуы мүмкін

20 шілде, 10:00  |  Спорт

Төрт жылда бір рет өтетін олимпиада биыл Жапонияның астанасы Токиода өтеді. ХХХII жазғы олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында жоспарланған. Оған дүние жүзінің 206 мемлекетінің 11 000 спортшысы қатысып, 33 спорт түрінен 339 медаль сарапқа салынады. Ал Қазақстан атынан 97 спортшы 27 спорт түрінен бабы мен бағын сынайды.

Біздің бұл жолғы сауалнамамызда отандық жаттықтырушыларымыз бен спорт майталмандары Токиодағы дүбірлі додада кімнің чемпион болуы мүмкін екеніне болжам жасады.

Нұрбек ҚАРАБАЛА, NFC президенті:

Бізде олимпиададан медаль алып келу дәстүрге айналған спорт түрлері бар. Оның біріншісі – бокс, екіншісі – ауыр атлетика, үшіншісі – жеңіл атлетика, төртіншісі – күрес деп айтуға болады. Күреске дзюдо, еркін және грем-рим кіреді. Сол спорт түрлерінен жігіттер төрт медаль болады деп есептеймін. Оның ішінде өзіме жақын, өзім жеке танитын боксшы Бекзат Нұрдәулетов бар. Ол міндетті түрде бір медальға ілінеді деп ойлаймын. Өкінішке қарай, көп спортшылар бара алмай қалды. Мысалы, Асхат Ділмұханбетов бар, сол жігіт негізінде әлем чемпионатында өзін жақсы көрсетті. Асхаттың орнына бара жатқан баланы мен жақсы танымаймын. Жеңіл атлетикадан олимпиадаға барған Ольга Рыпакова бар. Содан жүлде күтуге болады. Бокстан тек қана бір медаль емес, оның ішінде тағы да бір-екі жігітіміз бар мықты. Сол жігіттерден де үміт күтеміз.

Кесіп айту өте қиын. Неге десеңіз, біздің Қазақстанның бүгінгі таңда дайындығын және старттарын бәрін зерттейтін болсақ, ол басқа елдерге қарағанда менің ойымша аздау сияқты. Бокстан турнирлер жиі өткен болса, қалған спорт түрлерінен, шынымды айтсам, көзім жеткен жоқ. Сондықтан бұл жерде бәрі жігіттердің дайындығына байланысты. Бұрынғы рейтингтен жоғары көтерілеміз деп ойламаймын.

Токиоға бара жатқан спортшыларымыздың бәріне жанкүйер боламыз, әрине. Соның ішінде өзім Бекзат Нұрдәулетовке, дзюдошылардан Елдос Сметовке сенім артамын.

Ермахан ИБРАИМОВ, бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы:

Өзіңіз білетін олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин де Токиоға бара жатыр. Дмитрийден жүлде күтемін. Содан кейін үміт күтетініміз – дзюдошы Елдос Сметов. Боксшылардың бәрін өзіңіз білесіз, сайдың тасындай мықты жігіттер. Грек-рим және еркін күрес палуандарынан жүлде күтем. Олар да жүлде алып қалуы мүмкін. Ұлттық құрама боксшыларына келетін болсақ, 52 кг дейінгі салмақта Сәкен Бибосыновтын, 69 кг Абылайхан Жүсіповтен, 75 кг Әбілхан Аманқұлдан және 81 кг-да әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовтен, 91 кг Василий Левиттен және ту ұстаушымыз +91 кг жоғары Қамшыбек Қоңқабаевтан үміт күтемін. Қызымыз Надежда Рябец те жақсы өнер көрсетеп, жүлдеге ие болады деп ойлаймын.
Біздің спортшыларымыз әр олимпиадада үш алтын алған. Енді Токио олимпиадасында, мен ойлап отырмын, әдеттегідей үш алтын әдбен болуы мүмкін. Жігіттер мен қыздар жақсы дайындалды. Ұлттық олимпиадалық комитетінен, Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан барлық жағдай жасалды. Барлығы сборларға қатысты. Сондықтан әрқайсынан үміт күтеміз.

Қазақстан командасы рейтинг бойынша 25 пен 30 мықты команданың қатарына енеріне толық сенеміз. Қазақстанда спорт жан-жақты дамып жатыр. Бұл жолы да сол деңгейді сақтап қаламыз деген ойым бар.

Токиоға аттанған қай спортшы болмасын, барлығының ойындарын теледидар арқылы бақылаймыз, көреміз, 97 спортшының бәріне жанкүйер боламыз. Олардың кетіп бара жатқан кезде: «Алтын медальді берсе – қолынан, бермесе – жолынан алыңдар!» – деп батамды бердім.

Арман ҚАРСЫБАЕВ, армрестлингтен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

Құдай қаласа, олимпиадаға қатысатын барлық спортшыларға сәттілік тілей отырып, негізі бокс, каратэ-до, дзюдо, таеквондо, жеңіл атлетика мен суда жүзу спортының қатысушыларынан медаль күтемін. Атап айтар болсақ, дзюдошы Елдос Сметов, каратэші Дархан Асаділов пен Дарья Берльуцева, жеңіл атлетші Ольга Рыпакова және басқа да боксшылардан жүлде күтемін.

Шыңғыс ҚАЙРАНОВ, аралас жекпе-жектен «Алаш-Прайд» турнирінің екі дүркін жеңімпазы:

Барша олимпиадаға қатысушы қазақстандық спортшыларға сәттілік тілеймін. Сонымен қатар бәріне көк Туды биік ұстап абыроймен оралуына тілектеспін.

Менің ойымша, каратэ-до олимпиадаға жаңадан енген спорт түрі болғандықтан спортшыларға оңай тимесі анық. Біздің жауынгерлердің жетістіктеріне қарап, осы карате-додан екі алтын, екі күміс және бір қола алуымыз мүмкін. Бокстан бір алтын, бір күміс, бір қола қоржынымызда болады деп сенемін. Сонымен қатар Бекзат Нұрдәулетов өзінің мықтылығын тағы бір дәлелдейді деген үмітім бар. Дмитрий Баландин үздік үштікке кіретіндей көрінеді. Осы жолы, бұйыртса, Елдос Сметов олимпиада чемпионы атанады. Себебі оның тәжирбесі де, бабы да өте жоғары. Сондай-ақ Ольга Рыпакова қоржынымызды бос қайтармайды деп есептеймін.

Қазіргі таңда сенсация жасайтын спортшылар өте көп. Сонымен қатар қатысушы мемлекеттердің де спортшыларының дайындығы жақсы. Мынау немесе осынша орын алады деп нақ басып айту қиын. Сонда да үмітім және спортшыларға деген сенімім алдамаса, алдыңғы олимпиадаға қарағанда жоғары көрсеткіште болатын сияқты. Алла жар болсын! Мен әрқашан руымен емес, туымен мақтанатын қазақ болғандықтан, көк Туымызды жамылып шыққан әр спортшыға жан-тәніммен және дұғамен жанкүйерлік етерім сөзсіз. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Әрине, тек олимпиадалық емес, ұлттық және бұқаралық спорт пен сол салада жүрген әріптестеріме әрқашан тілектеспін.

Айбек МҰХАНОВ,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

246
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Бекзат Нұрдәулетов Токио қаласына жолға шықты

Келесі жаңалық

Токио-2020: Бекзат Нұрдәулетовтың қай күні рингке шығатыны анықталды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      ХабарландыруБайқауМаңғыстауАшық қоғамФотоМәдениетанонсЖаңаөзен - 50 жылЖастар бетіӘдебиетРедакция туралыДенсаулық

    Автордың басқа да жазбалары

    Қазақстандықтар техникалық ақауға байланысты жаңа көліктерді тіркей алмайды

    Бүгін 18:38
    32

    Коронавирустан жазылғаннан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіруге болады

    Бүгін 15:21
    54

    Сәкен Бибосынов Токио олимпиадасының қола жүлдегері атанды

    Бүгін 12:53
    54

    Коронавирус екпесінің екі дозасын салдыру не үшін қажет - дәрігер түсіндірді

    Бүгін 11:24
    63

    Облыста кеше 179 адам коронавирустан емделіп шықты

    Бүгін 11:15
    65

    Құрықта тойхана жабылып, орнына шағын маркет ашылды

    Кеше 20:57
    207

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»