Құмар ойынға құныққан кейбір бүгінгі ұрпақ бәс тігуден басын ала қашпайды. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың торына түскен кейбір отандастырмыз тапқан-таянғанын жеңіл жолмен ақша табамын деп желге ұшырып жатады.
Адал еңбек етіп, бейнеттің берекесіне бөлінудің орнына ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүріп қалта қампайтқысы келетіндерде кездесіп отырады.
Сөйтіп жүріп жиған-тергенінен, дүние мүлкінен, ең бастысы, абырой-беделінен, отбасынан айырылып жатқандары қаншама?
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қарашадағы Жарлығымен қолданыстағы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну мазмұнында толықтыру енгізілгенін атап өткен жөн.
Аталған кодексте мемлекеттік қызметшілерге қарапайым болу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себепкер болмау талаптары қойылған.
Бұл ретте әдеп кодексіне жаңа норманы мемлекеттік қызметшілердің назарына кеңінен жеткізуіміз қажет.
Тоқтамыс Жұмағұлов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы
бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы