©
Облыстық Мұрат Өскінбаев атындағы филармонияда Бердіхан Әлменнің «Сөз бен саз» бағдарламасының 5-ші есеп беру концерті өтті.Концертте баяндылық Бердіхан Әлменнің, қызылтөбелік Жұмағали Ділжановтың, жаңаөзендік Болат Самалаевтың, Айтгүл Әбдіразақованың, түркістандық Сауранбек Елеуовтің, шетпелік Аманғали Ербозовтың, Бірғали Байекеевтің, қызылордалық Рамазан Тайманның, жетібайлық Қайырбек Боранқұловтың, ақтаулық Мұрат Төлемісовтің, Жайшылық Төребайұлының, Асқар Көшеровтің, алматылық Жәкен Омаровтың, тұщықұдықтық Сағидолла Қойлыбаевтың, ақжігіттік Аида Байгелованың шығармалары көрермендер назарына ұсынылды.
Ақмарал Арғынқызы және Қарашаш Нысанова «Қорқыт – қобыз», Гүлжазира Шәрелханқызы «Ата-ана», Қайсар Бисенұлы «Апатайым – анашым», «Самға» тобы «Қоштасқым келмейді көктемменен», Бектас Гилжанов «Гүлдана», Нұргүл Бекібаева «Толқындар келің дерші жағалауға», Асанәлі Көшеров «Уақытты санаймын», «Өзіңді аңсап...», Самат Шаухаров, Махмут Құлбалаев, Ғабит Арыстанов – үштігі «Саябағым», «Жайық қызы», «Әнімсің жан анам», Әсет Нұрсебепов «Айналайын», Сағынғалиев Қанатбек «Сағынамын», Аида Қуандыққызы «Қазақстаным», Жоламан Көшкін «Мұнаралар», Сағидолла Нәрекешұлы және Ғафур Жолдасбаев «Тұщықұдық» әндерімен сахнаға шықты.
Қуат Шілдебаевтың «Қара кемер» күйін Гүлжамал Ербозова, Құлшардың «Кербез керік» күйін Алмаз Жетібаев, Тұлсынның «Көлқайнар» әнін Алпысбек Оңайбайұлы, Асан Әминұлының «Шын жақсының белгісі» термесін Оспан Құлсымақ, Нұрымның «Мен қашаңғы жұйрігің» термесін Амандық Көмеков, М. Мақатаевтың «Отыздан асып барамын», «Көнеміз ғой» әндерін С. Қанат орындап, көрермен қошеметіне бөленді.
Әуесқой сазгерлер мен өнерге құштар талапкер әншілердің бағын ашқан бағдарламалық концерт жалғасын табады деп сенеміз.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="45911,45910,45909,45908,45906"]