Прокурорлық қадағалау кезінде Ақтау қаласының әкімдігі инвестор «Алға Ақтау» ЖШС-не жерге рұқсат беру кезінде мерзімдерді негізсіз созбалаңға салу дерегі анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Прокуратураның қалалық әкімдікті тексеруі кезінде инвестор жер учаскесіне тиісті қаулы шығарылып, қалалық әкімдіктің қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мұндай заң бұзушылықтар басқа да инвесторларға қатысты тіркелгені белгілі болды.
Қала әкімдігі «Жанарыс» ЖШС-де тиісті құжаттары бола тұра жеткілікті рұқсат құжаттарының болмау дерегі бойынша тексеріс ашуға бастамашы болған. Қазіргі уақытта аталған тексеру заңсыз деп танылып, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселе қаралып жатыр.
Осы ретте прокуратура 400 орындық мектеп, 150 балаға арналған балабақша және арнайы киім тігу өндірістік цехын салу бойынша жобалардңы одан әрі жалғасуына септігін тигізді.
Аталған нысандарға салынған инвестициялардың жалпы сомасы 600 млн теңгеден асып отыр. Сондай-ақ, инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тұрақты бақылауға алынған.