Мұнайлы ауданы тұрғыны мас күйде көлік айдағаны үшін 15 тәулікке қамалып, 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұнайлы аудандық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Е-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.
«Сотта анықталғандай, азамат Е. «OPEL VECTRA» автокөлігін Басқұдық елді мекеніндегі әкімшілік ғимаратына қарсы жолда алкогольді масаю күйінде басқарған. Сот қаулысымен азамат Е. ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынып, оған 7 жыл көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды»,- делінген Мұнайлы аудандық сотының хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.