Маңғыстау облысында жыл басынан бері «102» арнасына әртүрлі сипаттағы 122 418 хабарлама келіп түскен. Ал «азаматтардың хабарламаларын қабылдау процесінің омниканалдығы» бойынша тәулік бойы жұмыс істеп тұрған SOS қосымшасы арқылы 73 адам полицияға жүгінген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ПД сілтеме жасап.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен күніне сан түрлі құқық бұзушылық пен қылмысты дер кезінде анықтап, азаматтарға бірінші болып көмектеседі. Бес ай ішінде 118 қылмыстың бетін ашқан.
Сонымен қатар қоғамдық орындардағы тәртіп пен жол қозғалысын үздіксіз бақылап тұрған бейнебақылау камераларының көмегімен барлығы 21 544 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 16 663 жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері анықталды.