Маңғыстауда биыл былтырғы есепті кезеңмен салыстырғанда қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық көрсеткіші біршама азайған. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бауыржан Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өңірде былтыр І жартыжылда бірінші сатыдағы соттарда қаралған барлығы 4736 тұлғаға қатысты 4733 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер аяқталған. Ал биыл 4559 тұлғаға қатысты 4559 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер аяқталып, 174-ке азайған.
Спикердің айтуынша, есепті кезеңде 2022 жылы - 697 тұлғаға қатысты 594 қылмыстық іс қаралған. Ал биыл 603 тұлғаға қатысты 518 қылмыстық іс аяқталды. Яғни 76 іске азайған. Сондай-ақ, Ақтау қалалық сотында 4 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шығарылған.
- I жартыжылдықта онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотталғандар саны - 492 болса, оның ішінде бас бостандығынан айырылғандар саны – 156,- деді Бауыржан Елемесов.