Бейнеу аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен Өзбекстан Республикасының азаматы А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сотта Өзбекстан Республикасының азаматы А-ның Қазақстан Республикасының аумағына 27.02.2023 жылы келіп, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарып, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын қасақана бұзғаны анықталды, деді Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі.
Бейнеу аудандық сотының қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 86 250 теңге айыппұл жазасы қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енді.