Мұндай үкімді Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот шығарды. Ақтау қаласындағы әскери бөлімнің бұрынғы әскери қызметкері, теңіз сержанты бірден бірнеше бап бойынша сотталған. Бұл туралы «Не Молчи» қоры мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ер адам 11 жасар қызын зорлағаны үшін оған химиялық кастрация жасауға үкім шығып, ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабының 4-бөлігімен, ҚР ҚК-нің 124-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Айта кетейік, айыпталушы апелляциялық шағым түсірген.