©
Қарақия аудандық сотында 2017 жылдың қорытындысы бойынша сот қызметкерлерімен жедел кеңес өткізілді.
Шара барысында сот төрағасы Б.Шайдуллин соттың 12 ай жұмысы жөнінде баяндап, сотқа түскен және қаралған қылмыстық, азаматтық пен әкімшілік істердің статистикалық және өзгеде мәліметтерін атап өтті.
Сот төрағасы Б.Шайдуллин сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша Қарақия аудандық сотының өндірісіне 2017 жылдың 12 айында сот өндірісіне 87 тұлғаға қатысты 71 қылмыстық іс түссе, оның ішінде 91 тұлғаға қатысты 75 қылмыстық іс аяқталып, 75 тұлғаға қатысты 59 айыптау үкімі шығарылған, 7 тұлғаға қатысты 7 қылмыстық іс өндірісі қысқартылды.
Есептік кезеңде аудандық сотта 815 азаматтық іс қаралып, аяқталған. Оның ішінде 365 арыз бойынша сот бұйрығы, 331 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 79 азаматтық іс бойынша іс жүргізу өндірісінен қысқартылған, 26 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылғанын, 42 азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталғанын атап өтті. 177 азаматтық іс бойынша оңайтылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданған.
Аудандық сотта 2017 жылдың 12 айында барлығы 689 тұлғаға қатысты 689 әкімшілік іс қаралып, аяқталған. 6 әкімшілік іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен өндірісі қысқартылды.
Сотта мемлекеттік тілді қолдануда үлкен ілгерілеушілік бар. 2018 жылдың 12 айында 99,5 пайыз істер мемлекеттік тілде қаралған.
Қаралуға тағайындалған сот отырыстарының негіссіз кейінге қалдыру дерегі орын алған жоқ. Сот актілері мен сот отырысының хаттамалары уақытылы дайындалып, оның электронды нұсқалары «Төрелік» бағдарламасына енгізілді. Тағайындалған сот отырыстарының уақытылы басталуы, істерге дыбыс-бейне жазба құралдарын қолдану арқылы қаралуы басты назарда.
Кеңес барысында сот төрағасы қазіргі таңда соттың алдына қойған ең маңызды мәселерінің бірі сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын көтеру және істерді заң шеңберінде қарау екендігін атап өтті.
Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі