Қазіргі уақытта күйіп тұрған мәселенің бірі - баспана. Осы ретте аталмыш мәселені шешудің түрлі жолдары бар. Соның бірі –мемлекеттік бағдарлама немесе әкімдіктен азаматтардың жекелеген топтары үшін баспана алу. Ендеше, тұрғын үй алуға кезекке тұрудың қысқаша тәртібі туралы таныстырып өткенді жөн көрдік.
Ақтау қаласы Тұрғын үй басқармасының ресми мәліметіне сүйінсек, қала қорынан үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны 6 мыңға жуықтаған. Басқарма өзінің ережесіне сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан белгіленген кезек бойынша азаматтарға пәтер беруді қаматамасыз етеді.
Сонымен бірге өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» желісі бойынша тұрғын үй бағыттары жөнінен коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаж азаматтардын құжаттары қабылданбайды.
Елдің Тұрғын үй заңнамасына коммуналдық тұрғын үй қорына кезекке тұруға құқылы азаматтардың арнаулы санаты белгіленген. Оларға ҰОС ардагерлері, 1-2 топ мүгедектері,мүгедек балаларды тәрбиелеп отқан отбасылар, Үкімет қаулысында көрсетілген ауру түрлерімен ауыратын азаматтар, зейнеткерлер, жетім балалар, 29 жасқа толмаған жетім балалар, оралмандар, экологиялық апаттарда, төтенше жағдайлар кезінде үйінен айырылғандар, көпбалалы ата-аналар, әскерде немесе мемлекетік тапсырмалар кезінде қайтыс болғандардың отбасы, толық емес отбасылар кіреді.
Ақтау қаласында кезекке тұру үшін алдымен кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі. Яғни, үш жылдық тіркеу туралы талап өтініш берушіге ғана қолданылады. Сонымен қатар қалған отбасы мүшелерінің елордада тұрақты тіркеуі бар болуы қажет. Заңға сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебіне қою мекенжай бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемелекттік корпорациясы» арқылы орындалады.
Тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіліленген кезек ретімен беріледі.
Ақтау қаласының №2 сотының судьясы
К. Акеров