Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгені ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Бұл уақыт аралығында мемлекеттің нығаюына, дамуына ықпал ететін толассыз реформалық өзгерістер көп болды. Әлемдік аренадағы еліміздің саяси және экономикалық тұрпаты айшықталады.
Мықты біртұтас ұлт болу үшін, ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлы дала мен ұлт мәдениетін мұра еткен құндылықты сақтап қала отырып, сана-сезімімізбен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптауырын қағидалардың қазіргі заманғы қоғамның дамуына кері әсер ететін тұстарынан арылып, заман ағымына сай тұстарын ғана ұстанбасақ көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін еместігі айтылады.
Сонымен қатар сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуге байланысты, жаһандық әлемнің де қажетсіз, тиімсіз кейбір дағдыларынан арылуға үндейді. Жастарымызды әлемнің озық білімімен қаруландырып, тәрбиесін ұлттық етуіміз керек.
Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдардың, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс.
Қазақ елі унитарлы мемлекет болса, мемлекетті құраушы ұлт – қазақтар. Сол себепті Қазақстандағы барлық ұлт пен ұлысты бір жерге ұйыту, біріктірудің жауапкершілігі қазақ ұлтына жүктеледі. Қазақтың рухани құндылығы қазақстандықтарды біртектілік пен біртұтастыққа әкелуде үлкен маңызы бар.
Ақтау қалалық №2 сотының судьясы А. Базарова