Сақтандыру жағдайы басталып, бірақ сақтандыру компаниясы әр түрлі сылтаулармен жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартатын кездер болады. Мұндай жағдайларда сақтандыру омбудсмены сақтандыру компаниясының клиентіне көмекке келеді. Ол сонымен қатар делдал деп те аталады. Көбінесе жол-көлік апатына ұшырған көлік иелері сақтандыру омбудсманына жүгінеді. Бұл барлық өтініштің шамамен 80%-ын құрайды.
Қазақстанда Сақтандыру омбудсманы институты 2007 жылы және посткеңестік кеңістікте алғашқыболып құрылды. Оның қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, он заңмен, оның ішінде «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және «Сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларымен» реттеледі.
Сақтандыру омбудсманы – өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға. Ол сақтанушылар (сақтандырылған адамдар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеумен және сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды соттан тыс шешумен айналысады.
2015 жылғы 27 қарашадан бастап Қазақстанның сақтандыру омбудсманы Андрей Копов болып табылады. 2019 жылдың 29 қарашасында бұл лауазымға Павел Завалко сайланды, ол 30 желтоқсанда қызметке кіріседі.
- Сақтанушылар (сақтандырылған адамдар, пайда алушылар) – жеке тұлғалардың және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сақтандыру компанияларымен болған келіспеушіліктерін реттеуге ықпал етеді, бұл ретте талап ету сомасы айлық есепік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспауы тиіс, бұл 2020 жылға 27 780 000 теңгені құрайды.
- Сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасында міндетті жіне ерікті сақтандыру мәселелері бойынша туындайтын келіспеушіліктерді.
- Басқа заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана өтініш жасайды.
Сақтандыру омбудсманы институтының арқасында көптеген даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттеледі. Сақтанушылар мен сақтандырушылардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуді сақтандыру омбудсманы ақысыз жүзеге асырады.
Өтініш беріліп, құжаттар пакеті ұсынылғаннан кейін сақтандыру омбудсманы істерді қараууға дайындауды ұйымдастырады және қажет болған жағдайда, тараптардан жазбаша түсіндірме, дәлелдер және басқа да қосымша құжаттар сұратады.
Заңнамаға сәйкес сақтандыру омбудсманы өтініш білдірген жағдайда ішкі істер органдарының өкілдері, прокуратура, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар оқиғалар мен оның салдары туралы қажетті ақпарат беруге міндетті.
Дауға тікелей қатысты мәнің қарау үшін жеткілікті болатын бүкіл құжаттарды алғаннан кейін іс бойынша тыңдалым тағайындалады, оған дау тараптары шақырылады.
Тыңдалым қорытындысы бойынша шешім шығарылады. Сақтандыру омбудсманының шешімі дау тараптарына шешімнің қарар бөлігін ауызша жарияланғаннан кейін бес жұмыс күні жазбаша жеткізіледі.
Сақтандыру омбудсманының шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.
Ақтау қаласының №2 сотының судьясы
Қ. Акеров