Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы филиалының директоры Руслан Бектубаев мәлімдеді.
Баршаға мәлім, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Халықпен байланысты қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Қордың 1406 нөмірі бойынша қызмет ете бастаған Бірыңғай байланыс орталығы, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 24/7 тәртібі бойынша жұмыс істеуде. Қазіргі таңда бұл Qoldau-24/7 моблильдік қосымша арқылы жүзеге асырылуда. Осы мобильдік қосымшаны жүктеу арқылы әр азамат кеңес алу, өтініш беру және сақтандырылу мүмкіндігіне ие болады. 1406 Call-центр орталығына бүгінгі күнге дейін облыс тұрғындарынан 26 өтініш, ал Қор филиалының жұмыс телефонына 60 өтініш келіп түскен. Тұрғындар тарапынан жиі қойылған сұрақтардың басым бөлігі, медициналық көмектің сапасына, тегін дәрі-дәрмектің дұрыс берілмеуіне, қымбат тұратын МРТ, КТ сияқты қызмет түрлерін алу мәселелеріне байланысты болып отыр.
2020 жылы, МӘМС жүйесі енгізгелі, облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті өсіп, 42 млрд теңгені құраған. Сәйкесінше, республика бойынша медициналық қызметтерді алу деңгейі өскен. Жоспарлы түрде стационарлық қызмет көрсету көлемі 50%-ға көтеріліп, шұғыл көмек көрсету көлемі азайған. Демек, пациенттер ауыр жағдайда емес, жоспарлы түрде көмек алғаннан кейін, емделуде. Маңғыстау облысы бойынша консультативті-диагностикалық қызметтер үшін жаңадан кабинеттер ашу жұмыстары қолға алынуда. МӘМС жүйесі бұл қызметтерді тегін алуға мүмкіндік беретін болады.
Қаңтар айында филиал атынан медициналық көмек қызметін жеткізуші ұйымдарға 3,5 млрд теңге аванстық төлем жасалды. Облыс тұрғындарына МРТ, КТ зерттеулері үшін 2020 жылға 1 миллиард 503,3 млн теңге бөлінсе, ал 2019 жылы 25,7 млн.теңге бөлінген. Биыл былтырғыға қарағанда тек МРТ, КТ зерттеулері үшін қаражат 1 миллиард 477,6 млн теңгеге өсіп отыр. Тұрғындар жалпы тәжірибелік дәрігерден немесе учаскелік терапевтен медициналық көрсетіліммен жолдама алған жағдайда, МӘМС жүйесі бойынша МРТ, КТ қызметтерін тегін ала алады.
2020 жылдың қаңтар айына, еліміз бойынша, МӘМС жүйесінің қатысушысы ретінде 17 млн адам тіркелген (халықтың 90%-ы). Маңғыстаулықтар 2017 жылдың 1 шілде айынан 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін 12,8 млрд теңге, тек қаңтар айы бойынша 479,7 млн.теңге жарна мен төлемдер аударған. Жалпы жарна төлеуден облыстар арасында Маңғыстау 6-шы орында тұр.
Биыл 1 сәуірге дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады және олар ТМККК және МӘМС пакеттері аясында медициналық қызметтерді тегін ала алады. Ал сақтандырылмаған азаматтар, әр медициналық ұйымда орналастырылған төлем терминалдары арқылы жарна төлеп, мәртебесін анықтауға мүмкіндік алады.
Бүгінгі таңда бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың 81,8% терминалдармен жабдықталған. Демек, азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелуі керек.
Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін 2020 жылдың 1-ші сәуірінен бастап сақтандырылмаған пациенттер медициналық көмек алуды жалғастыра береді, ол тек медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана, қалған қызметтерге ақылы болады. Әр азамат өзінің сақтандырылған немесе сақтандырылмаған екенін бірнеше жолмен біле алады:
1) Тіркелген емханасына барып, регистратураға ИИН нөмірін айтса, мамандар анықтап береді.
2) Fms.kz сайтында ИИН нөміріңізді терсеңіз статусыңызды шығарып береді.
3) Ұялы телефондағы Телеграм қосымшасында SaqtandyryBotқа ИИН нөміріңізді жіберсеңіз, сізге бірден статусыңыз жайлы ақпарат келеді.
Сондықтан 31 наурызға дейін МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды.