Өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 454 адам тіркелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстанда коронавирус инфекциясы өте жылдам таралуда. Алматы "қызыл" аймаққа жақындап келеді.
- Ұжымдық иммунитет пайда болды, бірақ вирустар бактериялардан айырмашылығы — олар тезірек мутацияға түседі. Аздаған мутация пайда болса, иммундық жүйе вирусты басқаша қабылдап, қайтадан ауыра бастайды, - дейді жұқпалы аурулар дәрігері Роза Өтепова.
Жұқпалы аурулар жөніндегі дәрігердің айтуынша, коронавирус вирустық аурулар немесе тұмау сияқты маусымдық сипатқа ие болады.
- Бірақ, қатты өрши қойған жоқ, бірақ халық көп жүретін жерлерге бармаған жөн.. Қолыңызды жуыңыз, жалпы санитарлық нормаларды сақтаңыз. Ауырмаудың ең тиімді әдісі — қайта егілу. Локдаунға келетін болсақ, менің ойымша, бұл болмайды. Қазіргі таңда стационарлардағы төсектер, ӨЖЖ жеткілікті. Дәрігерлер саны да стационарға түсетін адамдардың белгілі бір санына есептелген, - дейді Роза Өтепова.
Ең алдымен, аға буын – 60 жастан асқан адамдар, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар сақтанғаны дұрыс.
- Құрметті тұрғындар, антибиотиктерді қабылдаудың қажеті жоқ. Егер ол қажет болса, дәрігер өзі айтады. Ауырып бастасаңыз дәрігерді үйге шақырыңыз, сізге керекті ем-шараны, дәрі-дәрмекті береді, — деді Роза Өтепова.