©
Жылда дәстүрлі түрде тамыз айында ұйымдастрылатын «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы биыл да түпқарағандық балақайлардың мектепке жолын ашты. Білім алуға еш кедергі жоқ екенін білдіретін бұл акцияның да ұйымдастырлып келе жатқанына он жылға таяп қалды. Алғашында біреу, екеу демеушіден аспайтын шағын акция бүгінде аудан орталығы Форт-Шевченко қаласының орталығында үлкен мереке ретінде аталып өтілетін шараға айналды. «Қамқорлықты алдымен жақыныңа, кейін ауылдасыңа жаса!»деуші еді, сол ұранмен акцияда жаңа оқу жылына жақын жаңа киім сыйлап, оқу құралдарын түгендесіп, қаржылай көмек берген тілеулестер қарасы көп болды. Жомарт түпқарағандықтардың жалпыреспубликалық акцияда ауылдастары үшін жиған қаржысының жалпы соммасы 5 миллионнан асып түсті.
Түпқараған аудандық білім бөлімі ауданда Форт-Шевченко мектеп-интернатында өткізіліп жатырған «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының биыл «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» атты ұранымен ұйымдастырлып, аталған акцияға осы он күндікте 426 бала қатысып, 5 522 000 мың теңге көлемінде көмек көрсетіліпті. Бұл жөнінде Түпқараған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Айбаршын Өтесбаева сөз алғанда тоқталып өтті. Сонымен қатар, аудандағы «НКОК», Енка Иншаат ве Санаи А.Ш. компаниясы, ЖШС «Вест-Дала Ақтау», ЖШС «Фирма Физ-Тех», ЖШС «Теңіз Сервис», ЖШС «СМК - 4», ЖШС «Шебер құрылыс» мекемелері, қала, ауыл әкімдіктері, аудандық мемлекеттік бөлімдер, басқармалар, мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындары, үкіметтік емес ұйымдар, білім беру ұйымдары мен өзге де мекемелердің бәрін қосқанда 44 мекеме акцияға атсалысыпты.
НКОК компаниясы жылдағы дәстүр бойынша 100 балаға 1 800 000 теңге көлемінде сөмке, оқу құрал жабдықтарымен қамтамасыз етсе, «Вест-Дала Ақтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 5 балаға 320 мың теңге көлемінде оқу құрал жабдықтарымен, «Теңіз Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 000 мың теңге көлемінде 5 балаға мектеп формасымен, «Фирма Физ-Тех» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі 200 000 теңге көлемінеде 5 балаға оқу құрал жабдықтарын тарту етті.
«Каспий коммуналдық қызметі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 40 балаға 410 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетті.
Баутин ауылы әкімшілігінің ұйымдастыруымен 30 балаға қаржылай, оқу құралдары, мектеп формасымен көмек көрсетіліп, Форт-Шевченко қалалық әкімшілігінің ұйымдастыруымен 19 балаға оқу құрал жабдықтары сатып алынған.
Ауданның мемлекеттік бөлімдері, басқармалар, мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындары, білім беру ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, халыққа қызмет көрсету орталығы мен өзге де мекемелер атынан 222 балаға ата-анасының қалауы бойынша қаржылай, мектеп формасы, оқу құрал жабдықтары акция барысында табысталды.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="34046,34044,34043,34042,34040"]