Маңғыстаулық жастар қаладан 43 киллометр қашықтықтағы теңіз жағалауында сенбілік ұйымдастырып, өңірдің тарихи-мәдени орындарына саяхаттады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Еріктілер мен белсенді жастар теңіз жағалауындағы қоқыстарды арнайы қапқа салып, айналаны тазартты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған қоқыс тиісті орындарға жеткізілді. Ол үшін қоқыстарды тасымалдауға арналған автобус, акцияға қатысушыларға түскі ас және басқа да қажеттіліктер жалға алынды. Сонымен қатар тазалық акциясына атсалысқан қатысушыларға сертификаттар табысталып, естелік фотосуреттер берілді.
Аталған шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Qazaqstan Jastary» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.